Дулаттардын форумы

еркін форум
Текущее время: 28-03, 07:35

Часовой пояс: UTC − 5 часов




Начать новую тему Ответить на тему  [ Сообщений: 8 ] 

дулаттын ишинде кайсы тайпадан боласыз?
жаныс 0%  0%  [ 0 ]
сикым 0%  0%  [ 0 ]
ботпай 50%  50%  [ 1 ]
шымыр 50%  50%  [ 1 ]
Всего голосов : 2
Автор Сообщение
СообщениеДобавлено: 23-03, 06:13 
Не в сети
Site Bek
Site Bek
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 23-03, 05:59
Сообщения: 39
Откуда: ДУЛАТИЯ МОГУЛИСТАН
Дулат тайпасынын тарихына катысты материалдар жибериниздер. Дулаттардын сайтын жасаймыз!

БРАТЬЯ ВСЕ ПОДКЛЮЧАЙТЕСЬ СОЗДАДИМ ДУЛАТСКИЙ САЙТ!
КАКИЕ ИДЕИ ЕСТЬ, КАКИЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ?


Последний раз редактировалось NURZHAN-ШОКАЙ-ДШ 24-03, 05:36, всего редактировалось 5 раз(а).

Вернуться к началу
 Профиль  
 
СообщениеДобавлено: 23-03, 07:18 
Не в сети
Site Bek
Site Bek
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 23-03, 05:59
Сообщения: 39
Откуда: ДУЛАТИЯ МОГУЛИСТАН
дулаттар шежиреси тарихы туралы осы жерде кенесеик

ЗДЕСЬ МЫ МОЖЕМ ОБСУДИТЬ ВОПРОСЫ ПО ГЕНЕАЛОГИИ И ИСТОРИИ ДУЛАТОВ. ПРИСЫЛАЙТЕ МАТЕРИАЛЫ, ОБМЕНИВАЙТЕСЬ МНЕНИЯМИ


Вернуться к началу
 Профиль  
 
 Заголовок сообщения:
СообщениеДобавлено: 25-03, 01:14 
Не в сети
ДУЛАТСКИЙ БЕК
ДУЛАТСКИЙ БЕК
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 24-03, 23:33
Сообщения: 20
Откуда: могулистан
да вот это вот действительно полезно. Потому что я к примеру знаю что ботпай, ескара, а вот между ескара и ботпаем есть другие деды их незнаю. Кто бы мог мне помочь.

_________________
мы - коренные жители Семиречья и Южного Казахстана.


Вернуться к началу
 Профиль  
 
 Заголовок сообщения:
СообщениеДобавлено: 25-03, 04:07 
Не в сети
Site Bek
Site Bek
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 23-03, 05:59
Сообщения: 39
Откуда: ДУЛАТИЯ МОГУЛИСТАН
Код:
[quote][b]Тәуелсіздікті
жақындатқан тұлғалар


Азаттықтың
ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді
биіктетіп тұр


Лесбек Сайлаубеков

 



    Құдайға шүкір, азаттығын
алған қазағымыз қазір өзгелер аддында еңсесін тіктеген іргелі ел. Рухтандырып,
намысымызды жанып, айбынымызды асқақтаған ел тұтқаларын қасиеттеп, өрліктері
көңілден өшпесін деп бейнесін сомдап орнатудамыз. Елім деп егесіп, тәуелсіздік
үшін текетіріскен ерлеріміздің туған топырағымызда жетерлік.


    Тәуелсіздік алғалы ұлттық
сана-сезімнің, қазақ халқының мемлекеттілігінің жаңғыруына, тарихи оқиғалар мен
тұлғаларға қайта баға беруге мүмкіндік туғаны ақиқат. Нәтижесінде, көптеген
ескерткіштер тұрғызылып, ұрпақты  ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге септігі
тиюде. Облысымызда осындай отызға тарта тарихи және монументті өнер туындылары
орнатылды. Олардың ішінде ел тәуелсіздігі жолында жан алып, жан беріскен батыр тұлғаларымыз, ғұламаларымыз бен даналарымыз бар. Бүгін біз азаттықтың ақ таңы атқан он бес жылда Жамбыл өңірінде бой көтерген қайраткерлеріміздің бірқатар ескерткіштерін
қалың оқырманымызға ұсынып отырмыз.


    Мұхамед Хайдар Дулати (1499-1551)
– белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы
жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын – «Тарих-и Рашидидің», «Джаһаннаме»
дастаныңың авторы.


    1998 жылы туғанына
500 жыл толуы құрметіне М.Х. Дулат атындағы ТарМу-дің алдына ескерткіші
орнатылды.

    Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен
6-7 ғ., кейбір деректерде 10-11, 14-15 ғ. өмір сүрген) қазақтың елі мен жерінің
тұтастығын қалыптстыру жолындағы аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ұлы жүздің
Үйсін, Суан, Дулат ру-тайпаларының түп атасы. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын,
Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. 2002 жылы Тараз қаласындағы
Достық алаңында елін, жерін қорғап, оның тұтастығы мен  бостандығы үшін
күрескен батыр, әрі би,
бүкіл алаш жұрты қастерлейтін ұлы бабамыз Бәйдібекке еңселі ескерткіш ашылды.



    Қойгелді Сартұлы (1702-1795)
– жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте қол бастаған атақты қолбасшылардың
бірі. Ол тӨле бидің сенімді серігі, жұмсар батыры болған. Қойгелді түрлі
шайқаста жекпе-жекке шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғарлардың 9 батырын өлтіріп,
қазақ сарбаздарын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Ол
қолбасы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың
бәріне қатысады. Қойгелді батыр
ескерткіші 1998 жылы облыс орталығында Төле би көшесі мен Қойгелді батыр атындағы көше қиылысында
орнатылған.

 
    Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
– қазақ халқының әскери қайраткері, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының
Батыры. 1941 жылы соғыс басталысымен генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен
Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға
аттанды. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық
дивизияны басқарды. «Ұшқан ұя» кітабы үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (1976) атанды. Тараз қаласының орталығындағы облыстық қазақ драма
театрының алдына 2000 жылы қазан айында Б. Момышұлының ескерткіші орнатылды.

    Ақәділ Суханбаев (1920-1944) – Кеңес Одағының Батыры. Стжельцовизна
деревнясы үшін болған ұрыста ол Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап,
пулемет оқ шашқан доттың амбразурасын өз денесімен жапты. А. Суханбаевтың
ескерткіші 2005 жылы Тараз қалалық әскери қорғаныс істері басқармасы алдында
орнатылды.


    Қосы Сәмбетұлы (1670-1760) – қазақ-жоңғар соғысының айтулы
қаһармандарының бірі. Қосы батыр
жауынгерлік ерліктерімен қоса мәмлегер, елші ретінде де халқына көп қызмет
еткен. Атақты қолбасшы Бөгенбай батыр
мен Төле бидің тапсырмасымен кең-байтақ қазақ өлкесінің талай түпкірін
шарлаған. Аңырақай шайқасында мыңбасы болған. Қосы батыр құрметіне ұрпақтары 1998 жылы Байзақ ауданының Суханбаев
ауылына Ақбақайдың көк тасынан қашалған ескерткіш орнатты.

 
    Байзақ Мәмбетұлы
(1789-1864) – Қазақстанның оңтүстік
өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті
ұйымдастырушы батыр.
Байзақ датқа Қоқан отаршыларының
айтқанына көнбей, қазақтардың мүддесіне қорғай отырып, тәуелсіз саясат
жүргізуге ұмтылады. Оның сарбаздары  Кенесары қолына қосылып, Қоқанның бірнеше
бекінісін алды. Созақ аймағын азат етуге қатысты. Қазақтар мен қырғыздардың
Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. Байзақ батыр ескерткіші Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылына кіреберісте
биіктеу төбе үстіне 1998 жылы орнатылды.

 
    Жамбыл Жабаев (1846-1945) – ақын, жырау, жыршы. Жамбылды нағыз ақын
ретінде байтақ елге танытқан, есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына
таратқан өнері – оның айтыстары.  Екінші дүниежүзілік соғыста ақын жырлары
майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің жүрегіне жетіп, жігерін қайрады.
2002  жылы облысымыздың Жамбыл ауданындағы орталық алаңда Жамбыл
ескерткіші бой көтерді.


    Рысбек Шінетұлы (1741-1824) – батыр. Оның батырлық даңқы 1729 жылы Аңырақай шайқасында
ерлік жасаған Қойгелді, Өтеген, Сеңкібай, Саңырық, Тойбек батырлармен бірге
шыққан. 1757 жылы Сайрам мен шымкент қалаларын жоңғар басқыншыларынан азат ету
соғысына қатысып, ерлікке толы қимылдарымен көзге түскен. Ескерткіші Жуалы
ауданының Б. Момышұлы ауылында 1991 жылы тұрғызылған.


    Қарасай Алтынайұлы
(1598-1671) – ел ұраны болған,
«Қазақтың Қарасай батыры» аталған ерекше тұлға. 1652 жылы жоңғарлармен болған
шайқаста Жәңгір ханның өлімімен аяқталған қазақ жасақтарының жеңілісінен кейін,
ел басына қиын-қыстау күн туғанда, ел бірлігін, халық намысын қорғауды Қарасай
Алытнайұлы өз қолына алды. жауға қарсы жасақ құрып, жоңғар әскерлерін Шу
бойынан бастап қуып Іле өзенінен, одан әрі Жоңғар қақпасынан асыра өткізіп
тастайды. Суықтөбе басына жеңіс туын тігеді.


    1998 жылы Қордай ауданында
Қарасай батырдың туғанына 400 жыл толуы кең көлемде аталып  өтті. Батырдың
ұрпақтары мекендейтін Қарасай батыр
ауылында ескерткіш орнатылды.


    Өтеген Өтеғұлұлы (1699-1773) – XVIII ғасырдың  бірінші жартысында
жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. 1723 жылы Тауасар, Райымбек,
Ханкелді батырлармен тізе қосып жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында
қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етуге
атсалысады. Аңырақай даласындағы алапат шайқаста қалмақтың бас батыры
Бохтишарды жекпе-жекте өлтіруі шайқастың жеңіспен аяқталуына жеткізген.


    1999 жылы Қордай ауданының
Өтеген ауылында батырдың 300 жылдық мерейтойы өткізіліп, аудан орталығында
еңселі ескерткіш орнатылды.


    Ноғайбай би Дәулетбақұлы
(1834-1910) – он тоғызыншы ғасырдағы
қазақ халқының қайраткер ұлдарының бірі – Жетісу өңірінің белгілі шешен биі.
Ресей патшасы армиясының шенін алған. Ол өмір сүрген кезең Қоқан хандығының
қазақ, қырғыз жерінің бір бөлігін билеп-төстеп тұрған кезімен тұс келді.
Абылайлық саясатты қолданып қоқандықтармен де, орыстармен де тіл табыса білген
оның Шәбден манаппен де терең түсіністігі Кенесары ханның өлімінен кейін ушығып
тұрған қырғыз-қазақ қарым-қатынасын қалпына келтіруге септігін тигізді.


    2005 жылы маусым
айында Қордай ауданының орталығында оған еңселі ескерткіш ашылды.


    Кенен Әзірбайұлы (1884-1976)
– жыр алыбы Жамбыл бастаған ауыз әдебиеті сүлейлерінің соңы. Халық поэзиясы
көгінде ең жарық, ең жарқын жұлдыздардың қатарында орын алатын аса көрнекті
өнер иесі, бір бойына ақындық, сазгерлік және әншілік қасиеттері қатар дарыған,
елімізге еңбек сіңірген қайраткер.


    Кененнің соңында 17 дастан,
150-дей ән, 10-нан астам айтыс, халық қазынасынан жинаған том-том қолжазбалар
қалды. Ол сонымен  қатар күші де еді. Қазақ КСР-нің Халық ақыны Кенен
Әзірбаевтың ескерткіші Қордай ауданының Кенен ауылында 2002 жылы орнатылды.

 


    Жауғаш Қырбасұлы (1733-1782) – Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші.
Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, «Жаралы жолбарыс» деп атаған. 1754-1756
жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. Қытаймен арадағы қатынасты
реттеуге қатысқан елші де болған. Биыл Меркі аудаының орталығында Жауғаш
батырдың ескерткіші тұрғызылды.


    Сыпатай Әлібекұлы (1781/82
– 1867/68) – XIX-ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ батыры. Жастайынан
қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай Қоқан
хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. 2002 жылы Сыпатай
батырға Меркі ауданының іргесінен үлкен ескерткіш тұрғызылды.


    Биназар Ақеділұлы (1802-1860) – Қоқан хандығына қарсы күресте Сыпатай
батырдың сенімді серігінің бірі болған батыр. Кейін Шу өзеніне тоған салып, ауылын егіншілікпен
айналысуға баулыған. Биназар Ақеділұлының ескерткіші есімі берілген ауылда 2004
жылы Тәуелсіздік күні мерекесінде ашылды.


    Қайрат Ноғайбайұлы
Рысқұлбеков (1966-1988) – 1986 жылғы
Желтоқсан көтерілісінің  қаһарманы. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны
болған Қайрат еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының
1992 жылғы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы»
атағы берілді. Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші 1992 жылы Моынқұм ауданының
Бірлік ауылында орнатылды.

   Тұрар Рысқұлов (1894-1938) – мемлекет қайраткері. 1918 жылы сәуірде
Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып
сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал
тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты
реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. 1926
жылы Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының  орынбасары
болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Түрксіб темір жолын салу жөніндегі үкімет
комиссиясының орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. 1937 жылы
сталиндік жазықсыз жазалау құрбаны болды. 2002 жылы Тұрар Рысқұлов ауданының
Құлан ауылында оның ескерткіші тұрғызылды.


 

 


    Дінмұхамед
Ахметұлы Қонаев (1912-1993) –
Қазақстанды ширек ғасыр бойы басқарған қазақ халқының көрнекті мемлекет
қайраткері. Үш мәрте Еңбек Ері, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1952),
техника ғылымдарының докторы. Ірі ұйымдастырушы және көрнекті мемлекет басшысы
ретінде танылды. Талас ауданының Ақкөл ауылында 2002 жылы туғанына 90 жыл
толуына орай Д. Қонаевқа ескерткіш қойылды.

 


    Төле би Әлібекұлы (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес
қосқан атақты би, мемлекет қайраткері. Ол Қазыбек және Әйтеке бимен бірлесе
отырып, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп, оны жаңа жағдайдағы тіршілікке
сәйкес бай мазмұн мен түр беріп қайта түзді. «Жеті жарғы» атанған түзілген
құжатта ертеден келе жатқан дала демократиясы ескеріліп, жаңаша көзқараста жер
мен жесір дауы, құн мәселесі, т.б. әділ шешімін тапты. Төле би бабамыздың
ескерткіші 1993 жылы Шу ауданының Төле би ауылында орнатылды.


    силтеме - Ақ жол.- 2006.- 16 желтоқсан. – 5б[/b][/quote]


Вернуться к началу
 Профиль  
 
 Заголовок сообщения:
СообщениеДобавлено: 25-03, 23:43 
Не в сети
ДУЛАТСКИЙ БЕК
ДУЛАТСКИЙ БЕК
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 24-03, 23:33
Сообщения: 20
Откуда: могулистан
Тут в списке большинство дулатов я так понял.

_________________
мы - коренные жители Семиречья и Южного Казахстана.


Вернуться к началу
 Профиль  
 
 Заголовок сообщения:
СообщениеДобавлено: 26-03, 00:41 
Не в сети
Site Bek
Site Bek
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 23-03, 05:59
Сообщения: 39
Откуда: ДУЛАТИЯ МОГУЛИСТАН
da vse dulati!! krome Jambula i Karasai batira! oni Shaprashtinci, oni gordost vseh kazakov!


Вернуться к началу
 Профиль  
 
 Заголовок сообщения:
СообщениеДобавлено: 01-04, 00:45 
Не в сети
ДУЛАТСКИЙ БЕК
ДУЛАТСКИЙ БЕК
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 24-03, 23:33
Сообщения: 20
Откуда: могулистан
NURZHAN-ШОКАЙ-ДШ писал(а):
da vse dulati!! krome Jambula i Karasai batira! oni Shaprashtinci, oni gordost vseh kazakov!


и Кунаева, он ысты


Вернуться к началу
 Профиль  
 
 Заголовок сообщения:
СообщениеДобавлено: 05-04, 23:43 
Не в сети
Site Bek
Site Bek
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 23-03, 05:59
Сообщения: 39
Откуда: ДУЛАТИЯ МОГУЛИСТАН
Изображение

Төле би (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт танған, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір ортаққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасқан. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысқан. Ордабасы жиыны кезінде жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болған. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытқан. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды тұтқыннан шығарып алған. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанған. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салған. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытқан. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойған. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше төлеттірген. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы аясына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен, Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырып, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеген. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтаған. Оның елге танымал «Елге бай құт емес, би құт» дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады» деп жауап берген екен. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Бидің Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал. Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен де танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырған. Өткен дәуірлерде А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өткен. Әр кезде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, т.б. Төле биге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялаған. Жамбыл облысында Төле би есімімен аталатын елді мекен бар. Оңтүстік Қазақстан облысында бір ауданға Төле би есімі берілген. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында және Астана қасалында Төле биге ескерткіш қойылған. Алматыда, Шыментте және бірқатар елді мекендерде Төле би есімімен аталатын көшелер бар. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 8 том


Вернуться к началу
 Профиль  
 
Показать сообщения за:  Поле сортировки  
Начать новую тему Ответить на тему  [ Сообщений: 8 ] 

Часовой пояс: UTC − 5 часов


Кто сейчас на конференции

Сейчас этот форум просматривают: нет зарегистрированных пользователей и гости: 0


Вы не можете начинать темы
Вы не можете отвечать на сообщения
Вы не можете редактировать свои сообщения
Вы не можете удалять свои сообщения

Найти:
Перейти:  
cron
Powered by Forumenko © 2006–2014
Русская поддержка phpBB