Дулаттардын форумы

еркін форум
Текущее время: 24-10, 00:27

Часовой пояс: UTC − 5 часов




Начать новую тему Ответить на тему  [ 1 сообщение ] 
Автор Сообщение
 Заголовок сообщения: І ВИЦЕ ПРЕМЬЕР МИНИСТР О. ШОКЕЕВ
СообщениеДобавлено: 02-04, 02:47 
Не в сети
Site Bek
Site Bek
Аватара пользователя

Зарегистрирован: 23-03, 05:59
Сообщения: 39
Откуда: ДУЛАТИЯ МОГУЛИСТАН
Изображение
Қазақстанның бірінші вице-премьері Өмірзақ Шөкеев.
05.03.2009
Полина КУШНАРЕВА
Үкіметте алда болатын өзгерістерге қатысты сарапшылардың пікірлері әрқилы. Премьердің ауысатыны жайында болжам бар. Өмірзақ Шөкеев жай орынбасардан үкімет басшысының бірінші орынбасарлығына тағайындалды.
Үкіметте кадрлық өзгерістер жасалды, екі облысқа жаңа әкімдер тағайындалды.

Сарапшылар Азаттық радиосына берген сұхбаттарында Өмірзақ Шөкеевтің премьер-министрдің бірінші орынбасары болуына қатысты өз ойларын ортаға салды.

Талдаушы Нұрлан Ерімбетов Өмірзақ Шөкеевтің үкімет басшысының бірінші орынбасарлығына көтерілуі - ол жақын арада премьер болады дегенді білдірмейді дейді.

-Премьерлер қашан да орынбасарлардың деңгейінде тәжірибе жинақтап өсіп шығатын, бірақ бұл бізде дәстүрге айналды деп ойламаймын. Және Өмірзақ Шөкеев жуық арада премьер бола қоймас. Ол үкіметте отырған орынтағын да, кеңсесін де ауыстырмаған да болар деп ойлаймын.
Экс-сенатор, оппозиция жетекшілерінің бірі Зәуреш Батталова Өмірзақ Шөкеевті Кәрім Мәсімовтың орнына қойса да, ол елде ешнәрсе өзгертпейді, бүкіл команданы, сайлау механзмін өзгеру қажет деп есептейді.

Үкіметтегі ауыс-түйісті саясаттанушы Әзімбай Ғали жүйелі өзгерістердің басы деп деп есептейді:

- Қазіргі таңда Қазақстанда кадрлық ротация басталды. Осыған байланысты билікке «дағдарыс» менеджерлері келіп жатыр.
Менің ойымша, бұл дағдарыс министрлер кабинетінің басшысын да алып кетеді деп ойлаймын. Оның орнына Шөкеев немесе облыс әкімдерінің біреуі тіпті болмаса беделді қазақ министрлердің біреуі келетін шығар.

"Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедовтың сөзіне қарағанда, үкіметте өзгерістер бола ма, болса ол қандай дегенді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасағалы отырған кезекті Жолдауының төркініне, мәнеріне қарап білуге болады.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы Түркістан қаласында туған. 1986 жылы Мәскеудің экономика-статистика институтын бітірген. 1993-1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 1998-2004 жылдары Қостанай облысының әкімі қызметін атқарды.

2004 –2006 жылдары Өмірзақ Шөкеев Астана қаласының әкімі міндетін атқарды. 2006 жылы қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2007 жылы тамыз айында премьер-министрдің орынбасары, енді премьер-министрдің бірінші орынбасары.[/img]


Вернуться к началу
 Профиль  
 
Показать сообщения за:  Поле сортировки  
Начать новую тему Ответить на тему  [ 1 сообщение ] 

Часовой пояс: UTC − 5 часов


Кто сейчас на конференции

Сейчас этот форум просматривают: нет зарегистрированных пользователей и гости: 0


Вы не можете начинать темы
Вы не можете отвечать на сообщения
Вы не можете редактировать свои сообщения
Вы не можете удалять свои сообщения

Найти:
Перейти:  

cron
Powered by Forumenko © 2006–2014
Русская поддержка phpBB